Футболдан әлем чемпионатының алдағы іріктеу ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандықтар 9 қазан күні «Астана Арена» стадионында Босния және Герцеговина құрамасын қабылдайды. Ал 12 қазанда осында Финляндия футболшыларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов мына ойыншыларға сенім артып отыр.
Қақпашылар: Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен;
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тайкенов, Дмитрий Шомко;
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Бахтиер Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов;
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев, Айбар Жақсылықов, Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев.