05 қар, 2021 сағат 21:06

Футбол: Хави Эрнандес «Барселонаның» бас жаттықтырушысы болып тағайындалды


«Барселона» Роналду Куманудың орнын басатын жаттықтырушыны тапты. Жұма күні «Аль-Садд» Хавидің каталондық команданың бас жаттықтырушысы болып тағайындалғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еurosport-қа сілтеме жасап.

«Басшылық келісімшарт тармағында көрсетілген ақыны төлегеннен кейін Хавидің «Барселонаға» көшуіне келісті. Алдағы уақытта «Барселонамен» ынтымақтасуға келістік. Хави «Аль-Садд» тарихында маңызды орын алды, біз оған сәттілік тілейміз», – деп хабарлайды клубтың ресми Твиттері. 

Келесі аптаның басында жаңа жаттықтырушыны таныстырады, ал оның жаттықтырушылық дебюті 20 қарашада Каталон дербиінде «Эспаньол» клубына қарсы өтеді. 

Аты аңызға айналған жаттықтырушының оралғаны 4 қарашада белгілі болды. Бастапқыда катарлық «Аль-Садд» жаттықтырушыны жібергісі келмеген. Өйткені Хави оларға Катар-2020/21 чемпионатының алтынын алуына, екі Кубокты және елдің бір Суперкубогын жеңуіне көмектескен болатын. Бірақ бейсенбіде Барселонаның бұрынғы капитаны Аль-Саддтың өкілдерімен жеке кездесіп, мәселені өз пайдасына шешкен.