12 қаз, 2021 сағат 20:54

Футбол: Қазақстан жастары елордада Түркия құрамасына жол берді


Бүгін 21 жасқа дейінгі жастар арасында футболдан 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан елордада Түркиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі кездесуде ойын тағдырын 27-минутта түркиялық Энис Дестан соққан жалғыз гол шешті. Бұдан кейін қос құрама тарапынан есепті өзгертетін мүмкіндіктер болған еді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. 

Кездесуде Қазақстан жастары қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Енді олар алдағы ойынын 12 қарашада сырт алаңда Шотландиямен шеберлік байқасады. 

Еске салсақ, Қазақстан жастары I тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Шотландия және Түркия құрамалары.

Қазір турнир кестесінде үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Бельгия құрамасы келеді. Қазақстан жастар құрамасы әзірге бесінші орынды қанағат тұтып отыр. 

Бұдан бұрын олар 4 маусымда өз алаңында Бельгиядан 1:3 есебімен жеңілсе, 7 қыркүйекте Данияға 0:1 есебімен жол берді. Одан кейін сырт алаңда Бельгияға 0:2 есебімен жеңілді.