Бүгін, 4 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кетейік, қазақстандық құрамаға Солтүстік Македония Еуропада кездесіп отырған 39-шы қарсыласы атанбақ. Екі құрама бұған дейін кездеспеген.
Әзірге қазақстандықтар олардан өзге Босния мен Герцеговина, Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Люксембург, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Словакия, Словения, Уэльс және Швейцария құрамаларымен күш сынасқан жоқ.
Бүгінгі кездесудің алғашқы кезеңінде алаң иелері тізгінді өз қолына алуға тырысқан еді. Десе де оған қазақстандық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті.
Есепті 35-минутта Эгзиян Алиоски ашты. Одан кейін 45-минутта қазақстандық Серікжан Мужиков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша екі кезеңнің өне бойында қазақстандық құрама он футболшымен ойын көрсетуге мәжбүр болды.
Екінші кезеңде Иван Тричовски 57, Милан Ритсовски 74, Дарко Чурлинов 76-минуттарда мергендік танытты.
Еске салсақ, Солтүстік Македония 2020 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында С тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары - Украина, Австрия және Нидерланды құрамалары. Топтық кезең ойындары 13, 17, 21 маусым күндері болады.