02 ақп, 2022 сағат 15:19

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы жаттығуларын жалғастырып жатыр - фото


Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Қытайда Олимпиада қарсаңындағы жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Спортшылар олимпиадалық трассаны сынақтан өткізіп, 3 ақпан күні басталатын бәсекеге дайындық өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Olympic.kz

Фристайл-могулдан Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан алты спортшы сынға түседі. Квота FIS рейтингісіне сай үлестірілді. Олимпиадаға қатысу үшін спортшы топ-30 қатарына еніп, 80-нен аса ұпай жинау қажет. 

Қазақстан командасының еншісінде алты жолдама бар. Қысқы ойындарда төрт әйел және екі ер адам бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаковқа жанкүйер боламыз. 

Аталған спорт түрінде 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Фристайлшылар додасы 3-19 ақпан аралығына жоспарланған.