Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова 11 желтоқсанда жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Кэти Тэйлорға қарсы айқас өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасына сілтеме жасап.
Шоу Ливерпульде өтеді, оны DAZN Қазақстан уақытымен желтоқсанның 12-сі күні түнде тікелей эфирден көрсетеді.
Шәріпова WBA рейтингінде бірінші орында тұр. Сондықтан бұл айқасты өткізуге міндетті.
Фируза – кәсіби бокста барлық титул үшін жұдырықтасатын алғашқы қазақстандық.
Кэти Тэйлор – әйелдер боксында аты аңызға айналған спортшы, Лондондағы Олимпиада чемпионы және кәсіби бокста жеңіліп көрмеген.