05 қыр, 2016 сағат 08:45

Фин профессоры Өзбекстан басшысын қалай құтқармақшы болғанын айтып берді

Атақты фин нейрофигургі, әлемдегі бас ми артериясы аневризмінің маманы Юха Хернесниеми инсульт алған Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің жағдайына қорытынды медициналық сараптама жасауға шақырылған дәрігерлердің бірі болды, - деп жазады YLE.

Басылымның мәліметінше, өткен сенбі күні оған оның Қазақстандағы бұрынғы шәкірті жедел шаруамен хабарласқан. "Мен басқа елдерде көп ота жасадым. Және бұл өтінішті орындау маған еш қиындық туғызбады. Маған Хельсинкиге жеке ұшақ келді, содан біз Өзбекстанға Германия арқылы ұшып бардық", - деді фин дәрігері.

Айта кетейік, Хернесниемиден басқа Ресей мен Германиядан да дәрігерлер келген болатын.

Хельсинкидағы клиниканың бұрынғы профессоры, 70-тен аса науқасты емдеген дәрігер Өзбекстанға келгенде президенттің жағдайы қандай болғанын айтып берді.

"Бұл кезде ота жасаудың қажеті де болмады. Мен емді әрі қарай жалғастыру керек деп санамадым. Науқас өлі күйде болды. Мамандар өздерінің медициналық қорытындаларын жасады", - деді ол.

Сондай-ақ, басылымдағылардың мәліметінше, дәрігер бұл жағдайда көшбасшының өлімі жайлы біраз уақыт жарияламайтынын айтқысы келген. Хернесниемидің айтуынша, осыған ұқсас жағдай Израильдің бұрынғы премьер-министрімен де болған. Ариэль Шарон пен испаниялық диктатор Франсиско Франко да ұзақ уақыт комада жатқан екен. 

Еске салайық, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болды. Ислам Каримовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтті. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Конституцияға сәйкес, президенттің міндетін уақытша орындаушы - Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев. Сондай-ақ, кейіннен Ислам Кәрімовтің неден қайтыс болғаны туралы медициналық қорытынды жарияланған болатын.

kaz.tengrinews.kz