Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингінің 2021 жылғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Үздік үштікте бұрынғысынша Бельгия, Бразилия және Франция тұр.
Қазақстан құрамасы 119-шы орында қалып, алдыңғы көрсеткішін өзгерткен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері соңғы кездесуін 16 қарашада өткізді. Олар өз алаңында Тәжікстанды 1:0 есебімен ұтқан еді.
2021 жылғы 23 желтоқсандағы ФИФА рейтингі:
1 (1). Бельгия — 1828
2 (2). Бразилия — 1826
3 (3). Франция — 1786
4 (4). Англия — 1755
5 (5). Аргентина — 1750
6 (6). Италия — 1740
7 (7). Испания — 1704
8 (8). Португалия — 1660
9 (9). Дания — 1654
10 (10). Нидерланды — 1653
25 (25). Украина — 1535
34 (34). Ресей — 1493
84 (84). Өзбекстан — 1274
85 (86). Грузия — 1269
92 (92). Армения — 1242
94 (95). Беларусь — 1233
96 (96). Қырғызстан — 1228
107 (107). Эстония — 1176
116 (115). Тәжікстан — 1152
119 (119). Қазақстан — 1140
120 (120). Әзербайжан — 1139
133 (133). Түркіменстан — 1117
134 (134). Латвия — 1100
136 (136). Литва — 1091
181 (181). Молдова — 928.