Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалар арасындағы кезекті рейтингін шығарды, деп хабарлайды Sports.kz сайтын.
Рейтингіде Бельгия құрамасы көш бастап тұрса, Бразилия құрамасы - екінші орында, ал Англия футболшылары үшінші орынға көтерілген.
Бұған дейін 124-ші орыннан көрінген Қазақстан құрамасы енді 120-шы сатыға көтерілді.
Еске сала кетсек, осы айда Талғат Байсуфиновтің баптауындағы ойыншылар 2022 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясында үш ойын өткізді: солардың бірі Қазақстанда Украина елімен (есеп 2:2), тағы екеуі сыртта, Финляндиямен (0:1) және Босния және Герцеговинамен (2:2) өтті.
ФИФА-ның 2021 жылғы 16 қыркүйектегі рейтингі:
1 (1). Бельгия — 1832
2 (2). Бразилия — 1811
3 (4). Англия — 1755
4 (3). Франция — 1754
5 (5). Италия — 1735
6 (6). Аргентина — 1725
7 (8). Португалия — 1674
8 (7). Испания — 1673
9 (9). Мексика — 1666
10 (11). Дания — 1658
27 (25). Украина — 1520
37 (41). Ресей — 1475
84 (83). Өзбекстан — 1282
89 (88). Армения — 1262
90 (89). Беларусь — 1254
96 (91). Грузия — 12401
98 (101). Қырғызстан — 1230
111 (110). Эстония — 1174
117 (112). Әзербайжан — 1159
118 (116). Тәжікстан — 1158
120 (124). Қазақстан — 1151
130 (130). Түрікменстан — 1117
135 (136). Латвия — 1092
137 (134). Литва — 1082
180 (175). Молдова — 940.