28 ақп, 2022 сағат 10:30

ФИФА Ресей құрамасын жарыстан шеттету мәселесін қарастырып жатыр


Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) және Еуропалық футбол қауымдастықтары одағымен (УЕФА) Ресей құрамасына санкция жариялау, оның ішінде команданы жарыстардан шеттету туралы сөйлесіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FIFA ресми сайтына сілтеме жасап.

ФИФА, ХОК, УЕФА және басқа да спорт ұйымдары Ресей - Украина арасындағы жағдай тез арада жақсармаса, Ресей командасын алдағы болатын жарыстардан шеттету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.

"ФИФА кеңесінің бюросы осы шешімдердің кез келгенін қабылдауға дайын. Айта кету керек, ФИФА спорттық тақырып бойынша шешімде бір болады және спорт бейбітшілік пен үміт векторы болып қалуы керек", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ФИФА Украинадағы жағдайға байланысты Ресей футбол құрамасы енді "РФС құрамасы" деген атпен тусыз мен әнұрансыз қатысуға міндетті деп мәлімдеді.