28 қыр, 2016 сағат 18:51

"Эйр Астана" Қытайдан Қазақстанға рейстер санын 3 есеге арттырады

Үш жылдан кейін "Эйр Астана" компаниясы Қазақстаннан Қытайға ұшатын рейстердің санын көбейтуді жоспарлап отыр және бағдар желісіне ҚХР-ның тағы төрт қаласын қосады деп мәлімдеді "Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостер Астанадағы Қазақстан-Қытай туристік форумында. Бұл туралы премьер-министрдің сайты хабарлады.
 
Әуе компаниясы басшысының мәліметінше, 2015 жылы Қытайдың 120 миллион азаматы шетелге шыққан. Орташа есеппен алғанда, өз елінде қытайлық бір күнде 300 доллар жұмсайды екен. Осылайша, 2015 жылы қытайлық туристер 36 млрд доллар жұмсаған.

"Осы жылы біз "Эйр Астана" әуе компаниясы 200 мың қытайлық туристі тасымалдауды жоспарлап отыр. 3 жылдан соң бұл көрсеткіш бір миллионға жетеді деген үміттемін. Біздің ойымызша, осы туристердің 500 мыңы Қазақстанда аялдауы мүмкін. Яғни, олар біздің елімізде екі күн болса, демек 500 мың қытайлық Қазақстанда 1 млн транзиттік күнді өткізеді деген сөз. Ал олардың бір күнде 300 доллар жұмсайтынын ескерсек, ұлттық экономикамызға 300 млн доллар кіріс түсуі мүмкін. Бұл - билеттерді қоспағанда, қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда орталықтары мен туристік ұйымдарға жұмсалған қаржы", - деп мәлімдеді П. Фостер.

Ол сондай-ақ "Эйр Астана" үш жылдан кейін апталық рейстер санын 20-дан 60-қа дейін арттыруды жоспарлап отыр.

"Бүгінде біз Қытайдың Пекин және Үрімші қалаларына ұшамыз. Ал үш жылдан соң төрт қалаға, яғни Сиань, Чэнд, Гуанджоу және Шанхай шаһарларына рейс ашуды жоспарлап отырмыз", - деді П.Фостер.

"Сонымен қатар, біз Үкіметтен Қытай азаматтарын визалық рәсімді жеңілдетуді сұрадық. Яғни, біз мемлекеттен қытайлық азаматтарға елімізде 72 сағат визасыз жүруді ұсындық. Мұны жүзеге асыру қиындық тудырмайды. Қытай мұндай тәжірибені бұрыннан қолданып келеді. Яғни, қолында ұшаққа билеті бар Қытайда аялдаған азаматтар осы елде визасыз жүре алады. Ұшақтарымызда қытайлық жолаушылардың жағдайын жасау үшін барлығын жасаймыз. Біздің веб-сайт қытай тілінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, қытай тілін меңгерген борт серіктерін іріктеп, жұмысқа қабылдап жатырмыз", - дейді "Эйр Астана" басшысы.

Ұлт порталы