- Жеке меншіктегі ExxonMobil мұнай компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Рекс Тиллерсон 41 жастан соң отставкаға кетті, деп хабарлайды РБК ExxonMobil компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз Рекске компанияға берілгендігі және оның басшылығы үшін алғыс айтамыз»,-делінген хабарламада.
Компания өкілдері сонымен қатар, директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директор қызметін 2017 жылдан бастап, Даррен Вудс атқаратындығын жеткізді.
Сайланған президент Дональд Трамп Рекс Тиллерсонды Мемекеттік хатшы етіп тағайындады.
Бұл туралы 13 желтоқсан күні Трамптың жаңа келген компаниясының ресми мәлімдемесіне сүйене отырып, Bloomberg хабарлады.
Сайланған президент табандылық пен ауқымды тәжірибе, геосаясатты терең түсіне білу Тиллерсонды АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындауға себепші болғандығын атап өтті.