2018 жылғы Еуропадағы құрғақшылық жаһандық астық тапшылығына соқтырды, ал экономиканың қажеттілігін өтеуге жаңа өнім жетіспеуі мүмкін. Бұл туралы Der Spiegel газеті жазды.
Басылым БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) дерегіне сілтеме жасай отырып, 2019 жылы астық жетіспеушілігі жиналған өнімнен 30 млн тоннаға асатынын жазған.
2018 жылғы егіннен кейін Еуропада нан бағасы 6,3% өскен.
Мамандар құрғақшылықты жаһандық климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.