13 мау, 2021 сағат 01:37

Еуропа Чемпионаты: Дания мен Финляндия матчты жалғастырды


Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы Дания мен Финляндия матчы қайта жалғасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған кездесудің 42-минутында даниялық футболшы Кристиан Эриксен ойын үстінде есінен танып қалып, матч уақытша тоқтатылған болатын. 

Кристиан Эриксен 1992 жылдың 14 ақпанында Данияның Миддельфарт қаласында дүниеге келген. Кәсіби футболдағы алғашқы қадамын 2010 жылы Нидерландының «Аякс» командасында бастаған. Одан кейін 2013-2020 жылдар аралығында Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасының намысын қорғап, өткен жылы Италияның «Интернационале» клубына ауысты. Өз елінің ұлттық құрамасында 2010 жылдан бері 109 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 36 гол соққан. 

Эриксенге дәрігерлер жасыл алаң үстінде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны арнайы техникамен стадион ішіне алып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, ол жергілікті ауруханаға жеткізіліп, жағдайы қалыпқа түскен.

Матч тоқтатылған уақытынан бастап қайта жалғасты. 

Еске салсақ, Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусым күні басталды. Ол 11 шілдеге дейін жалғасатын болады.