Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңі екінші турында Түркия мен Уэльс құрамалары кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еске салсақ, аталған екі құрама А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Италия және Швейцария.
Алғашқы турда Түркия Италияға 0:3 есебімен жол берсе, Уэльс Швейцариямен 1:1 есебімен тең ойнады.
Екі құрама бұған дейін алты мәрте кездескен. Оның үшеуінде уэльстіктер жеңіске жетіп, екеуінде түркиялықтар басым түссе, екі ойында тең нәтиже тіркелді.
Айта кетерлігі, екеуі соңғы мәрте 27 жыл Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде кездесіп, ол ойында түркиялық футболшылар 6:4 есебімен жеңіс тойын тойлады.
Бүгінгі кездесуде екі құраманың да жеңіске жететін мүмкіндігі зор болды. Ойынның 42-минутында уэльстік Аарон Рэмси есеп ашса, 90-минутта оның отандасы Коннор Робертс қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Уэльс қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Бұл жеңісінен кейін өз тобында әзірге көш басына шықты.
Енді А тобындағы тағы бір кездесуде елорда уақытымен 00.50-де Италия мен Швейцария құрамалары кездеседі.
Аталған топтағы үшінші тур ойындары 20 маусымда өткізіледі. Бұл күні Швейцария мен Түркия, Уэльс пен Италия шеберлік байқасады.