12 мау, 2021 сағат 22:38

Еуропа чемпионаты: Уэльс пен Швейцария алғаш рет тең түсті


Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде Уэльс және Швейцария құрамалары кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Матч Әзербайжан астанасы Баку қаласындағы Олимпиадалық стадионында өтті. 

Айта кетейік, екі құрама бұған дейін 2 мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен болатын.

Бүгінгі кездесуде швейцариялық футболшылар басым ойнады. Алғашқы голды швейцариялық Брил Эмболо 49-минутта соқты. Ал 74-минутта Уэльс ойыншысы Киффер Мур таразы басын теңестірді. Осылайша қос құрама 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Еске салсақ, кеше, 11 маусымда А тобында Италия Түркияны 3:0 есебімен жеңді.

Аталаған топта 3 ұпаймен Италия көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда бір-бір ұпайдан еншілеген Уэльяс және Швейцария құрамалары тұрса, Түркияның қоржыны әзірге бос.

Сондай-ақ, бүгін В тобында Дания мен Финляндия (сағат 21:50), Бельгия мен Ресей (сағат 00:50) құрамалары кездеседі.

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда болады. Бұл Еуропа чемпионатының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.