Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі жалауын көтерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аталған турнирдің шымылдығы Түркия және Италия құрамаларының кездесуімен ашылды. Ойын Италия астанасы Рим қаласындағы Олимпиада стадионында өтті.
Айта кетейік, екі құрама бұған дейін 14 мәрте кездескен.
Оның 10-ында италиялық футболшылар басым түссе, 4-еуінде қос құрама тең нәтижені қанағат тұтқан.
Түркиялық футболшылар аталған қарсыласынан ешқашан басым түсіп көрген емес.
Бүгінгі ойында да италиялық футболшылар басымдығын танытты. Кездесудің алғашқы минутынан тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде алғашқы болып есеп ашты.
Оны 53-минутта түркиялық Мерих Демирал өзінің қақпасына соғып алды.
Ал 66-минутта Чиро Иммобиле есепті үстемелей түсті. Ал 79-минутта италиялық тағы бір футболшы Лоренцо Инсинье мергендік танытты.
Кездесуде Италия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, екі құрама А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Уэльс, Швейцария және Италия.
Еуропа біріншілігі ойындары бүгін, 12 маусымда жалғасады.
Бұл күні А тобында Уэльс пен Швейіария (сағат 18:50), В тобындағы Дания мен Финляндия (сағат 21:50), Бельгия мен Ресей (сағат 00:50) құрамалары кездеседі.