Футболдан Италия құрамасы Еуропа 2020 чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өткен чемпионаттың 1/8 финалында Роберто Манчинидің шәкірттері Аустрия командасымен кездесті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталды - 0:0.
Дегенмен гол болды, 65-минутта Марко Арнаутович италиялықтардың қақпасына доп кіргізді, алайда ол офсайд болғандықтан саналмады.
76-минутта бас төреші Энтони Тейлор тағы да бейнеассистентке жүгініп, Италия қақпасына пенальти тағайындамады.
Қосымша уақытта 95-минутта Федерико Кьеза италиялықтарды алға шығарды. Он минуттан кейін Маттео Пессина екінші гол соқты.
EURO-2020 жартылай финалына шығу үшін Италия құрамасы Бельгия - Португалия жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бұған дейін 1/4 финалына Дания құрамасы өткен болатын, ол Чехия - Нидерланды матчінің жеңімпазымен ойнайды.