ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналыстан алудың төрт жылдық кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл банкноттар 2006 жылғы 15 қарашада айналысқа шығарылған болатын және 2016 жылғы 4 қазаннан бастап заңды төлем құралы болуын тоқтатты.
Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және Ұлттық банктің филиалдары жоғарыда аталған банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады. Айырбастау кезеңі төрт жылға созылды.