20 нау, 2024 сағат 17:46

Ермұрат Бапи Самат Әбіштің соты туралы: «Ескі Қазақстаннан әлі де алыстап кете алмағанымыздың белгісі»


Фото:Парламент Мәжілісі баспасөз қызметінен

Ермұрат Бапи Самат Әбішке кесілген үкімге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат».


 «Бұл инсайдерлер ақпараты. Ол ақпараттың қайдан түскенін білмеймін, редакциядан сұраңыздар. Мен газетке шыққан ақпаратты өзімнің фейсбук парақшама көшіріп бастым. Кеше фейсбук парақшама ақпаратты жарияладым, содан бері бір тәулікке жуық уақыт өтсе де ешқандай мемлекеттік органдар тарапынан мынау жаңсақ ақпарат деген маған ескерту түскен жоқ. Бұл ақпараттың жалған еместігін дәлелдеді. Яғни бұл шынында да құпия өткен соттың шешімі осылай болды деген сөз. 
Соңғы отыз жылда Қазақстанның тарихында болмаған жағдай бұл. Мұның алдында екі мың бес, екі мың алтыншы жылдары алты жылға Мырзахметовты соттаған. Ал сегіз жыл шартты сот дегенге тіпті бесіктегі бала күлдетін шығар. 
Бұл соттың шешімі. Бірақ қалай дегенемен де атқарушы биліктің бұған ықпалы болды деуге болады. Осындай шешімнің шыққаны біріншіден, Назарбаевтың немере інісі болғаннан және екіншіден, ескі Қазақстаннан әлі де алыстап кете алмағанымыздың белгісі деп ойлаймын. Назарбаев отбасының билігі жүріп тұр деп ойламаймын. Мұны қазіргі жаңа Қазақстанда қандай да бір ықпалы қалғанының белгісі деп ойлаймын. 
Сот шешімімен келіспей, аппеляциялық сотқа шағымдануға болады. Бірақ оны кім жасайды?» -деді Ермұрат Бапи.  

Еске салайық, кеше депутат Ермұрат Бапи экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке сот 8 жылға шартты жаза тағайындағанын өзінің фейсбук парақшасында жариялаған болатын.