ҚР Ұлттық банкі келесі жылдың 3 қазанында 2006 жылы шыққан 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноталарды қабылдаудың және айырбастаудың үшжылдық мерзімі аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жеке жене заңды тұлғалардан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және оларды ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстыру - ҚР Ұлттық банкінің аумақтық филиалдарында банкноттардың түпнұсқалығы расталғаннан кейін комиссиясыз жене сомасы бойынша шектеусіз жүзеге асырылады», - деп мәлім етті Ұлттық банктен.