Ресейдің Ленинград облысында куәгер көшеде талмасы ұстап қалған қызды келеке етіп, видеоға түсірген. Бұл туралы Ult.kz ЧП России Instagram парақасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғын итін серуендетуге шыққан кезде есінен танып құлап қалған. Ал оқиғаның куәгері жедел жәрдем шақырудың орнына камерасын қосып, ес-түссіз жатқан, тіпті еріксіз зәр шығарып қойған қызды видеоға түсіре бастаған.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен наразылық туғызды. Пікір қалдырғандар видео авторын қатыгез әрі арсыз адам деп атады.
