18 мау, 2020 сағат 10:46

Есеп комитеті: Квазимемлекеттік сектор тиімділігі байқалмай тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына былтырғы Жолдауында квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырған еді. Алайда Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунованың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігі әзірге байқалмайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2007 жылдан бастап 2019 жылға дейін холдингтерге ұлттық ресурстардың есебінен 7,5 трлн теңге берілген. Бұл – ел бюджетінің 7 еселенген көлеміне тең. Онымен қоймай, холдингтердің бұл қаражатты жалпыұлттық мақсатқа жұмсауына мониторинг жүргізілмейді. Бұл жерде квазимемлекеттік субъектілердің әрбірінің рөлін айқындау керек», - деді Наталья Годунова Парламент Сенатының отырысында.

Оның айтуынша, республикалық бюджет мемлекеттік компаниялардың табыс көзіне айналған.

«Ақыры мемлекеттен қолдау алуы тиіс қарапайым кәсіпкер жоғарылатылған ставкамен несие алуға мәжбүр», - деді ол.