2000 жылғы Олимпиаданың чемпионы Ермахан Ибрайымов Геннадий Головкинді рингтен әдемі кету керегін айтады. Ол Sports.kz порталына берген сұхбатында Головкинге мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекке шықпау қажеттігін айтты.
«Уақыт ешкімді аямайды. Сондықтан Головкинге бір-екі жекпе-жек қана өткізуі керек, дегенмен еш уақытта Альвареспен кездесудің қажеті жоқ» деді Олимпиада чемпионы.
Өйткені Ермахан Ибарйымов Альварестің жылдамдығы мен техникасы мықты екенін алға тартады.
«Ендігі Головкиннің жылдамдығы жетпейді. Альварес жылдамырақ. Бұл уақыттың өткенін білдіреді. Рингтен әдемі кетіп, кәсіпқой бокста менеджер немесе промоутер болу керек. Өзім де рингке шығып жұдырықтастым, сондықтан уақытты мойындау керек екенін білемін» дейді ол.
Бұрынғы Олимпиада чемпионы Головкиннің Қазақстанды танытудағы ерен еңбегін айта келе, оны лайықты бағалайтынын, дегенмен барлығы аяқталатын уақыт келетінін жеткізді.