Актриса Гүлбаушан Тілеубекова күйеуімен ажырасу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол “Алғашқы” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
"Тамағын, киімін, жағдайын бәрін жасап отырдым. Бірақ мен сахнаға шығуым керек, әйтпесе ауырамын. Олар әке-шешесінің айтқандарын істейді ғой. Сөйтіп екеуміз ажырасып кеттік. Қазір оның өз отбасы бар.
Мықты жігіт, зергер. Олар Шымкенттен болғандықтан салт-дәстүрлері өзгеше. Біз аз тұрдық. Қызым кішкентай болған кезде ажырастық. Енем маған «сен әртіс болма, мұғалім бол» деді. «Әке-шешем 7 жыл оқытты, қалай боламын? Мен сахнаға шығуым керек» дедім. Енем «сен шықпа, болмайды» деді. Ол кісі де өнер адамы, мені түсінуі керек. Былайша айтқанда, енем бізді ажыратты", — деді актриса.
