21 қар, 2025 сағат 18:25

Енді мұсылмандар Мекке-Мәдинадан үй сатып ала алады

Фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясы 2026 жылдың қаңтарынан бастап өзінің жылжымайтын мүлік нарығын шетел азаматтарына ашпақ, деп хабарлайды Ult.kz QRNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа ереже бойынша саудиялық емес тұлғалар ел аумағынан тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар, жер телімдері, ауыл шаруашылығы және өндірістік аймақтардағы мүліктерді иелене алады.

Маңыздысы, енді Мекке мен Мәдина қалаларынан да мүлік сатып алу мүмкіндігі пайда болмақ. Алайда бұл екі қасиетті қалада мұндай құқық тек мұсылмандарға ғана беріледі.

Бұл қадам Сауд Арабиясының «Vision 2030» стратегиясы аясында инвестиция тарту және елдің экономикалық әртараптандыру мақсатында жасалып отыр.