03 мам, 2024 сағат 10:10

Енді бірнеше кредиті барлар да автонесие ала алады


© Sputnik / Владислав Воднев


Енді банкте бірнеше кредиті барлар да автонесие ала алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шарттарды өзегертпек, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» «Астана» арнасы.


Қаулы қабылданса, банктер несие жүктемесінің коэффициентіне қарамайды. Тек соңғы 6 айдағы банкке берешегіңіздің төлемдерін тексереді. Барлығы талапқа сай болса көлік кепілге қойылып, қарыз алушыға беріледі. Егер несие өтелмеген жағдайға кепілге қойылған машинаны сату арқылы қарызыңызды жабасыз.


Жауаптылар бұл жайт отандық автомобиль өндірісінің дамуына үлес қосады дейді. Сатылым да артатынына сенімді. Аталған өзгеріс қазір талқыланып жатыр.


Айта кетері, сала министрлігі 2027 жылға қарай 200 мыңға жуық көлік шығаруды жоспарлап отыр.