10 сәу, 2025 сағат 10:42

Енді 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді

Фото: Baq.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің екінші оқылымында қаржы нарығы мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа нормаларға сәйкес, 21 жасқа толмаған азаматтарға және 55 жастан асқан тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық қарыз тек электрондық үкімет порталы арқылы ресми келісім алған жағдайда ғана беріледі.

Сондай-ақ, алғаш рет несие рәсімдейтін азаматтар банк немесе микроқаржылық ұйым бөлімшесіне келуі тиіс. Әскери қызмет өткеру уақытында әскери қызметшілерге несиелер мен шағын несиелер алуға тыйым салынады.

Қосымша өзгерістер:

- Микрокредиттер бойынша айыппұл мен өсімпұл өндіріп алуға тыйым салынады.

- Шетелдік банк филиалдарына қойылатын талаптар жеңілдетіледі.