Елордада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күні өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін гимнастшылар шығыршық, доп, ұршық және таспамен орындалатын жекелей көпсайыс бойынша сынға түсті.
Чемпионаттың алтын медалін Елжана Таниева (Шымкент) жеңіп алса, Баян Қойбақар (Шымкент) күміс жүлдені иеленді, Сабина Бақатова (Нұр-Сұлтан) үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетсек, республикалық чемпионатты көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткерлер жалғастырады. Чемпионат 13 мамырға дейін жалғасады.