06 мау, 2018 сағат 11:53

Елжан Біртанов Тамара Дүйсенованың сынына жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз ведомствосының сынға алынуын қалыпты жағдай санайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айтылған сынға келер болсақ, біз жалпы кез келген сынға қалыпты қараймыз - әріптестеріміз, оның ішінде Тамара Қасымқызы да бар, біз бір командада жұмыс істейміз. Меніңше, бұл қалыпты жағдай, бір-бірімізге сұрақтар қойып, оған жауап береміз", - деді Елжан Біртанов Тамара Дүйсенованың айтқан сынына.

Осыған дейін Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алған болатын. Оның айтуынша, елімізде менингит проблемасы ведомствоның жұмысын толық атқара алмағандығынан болып отыр.

Еске сала кетейік, кеше түнде министр Елжан Біртанов Алматыдағы Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына барған болатын. Министр дәргірерлермен жұмысына тексеріс жүргізіп, әңгімелесіп қайтты. Сондай-ақ, Елжан Біртанов Талғар аудандық ауруханғасына барған.