01 там, 2024 сағат 20:33

Елордалық блогерлер жазылушыларға қазақстандық Attar шиналарын сыйға тартты


Фото: Саран қаласындағы шина зауыты. zakon.kz

Елордалық блогерлер Ұлан Әбішев пен Алмаз Алтай Қазақстанда өндірілген Attar брендінің шиналар жиынтығының ұтыс ойынын ұйымдастырды. Акция блогерлер аудиториясы арасында үлкен қызығушылық пен ынта тудырды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Шиналар өндірісі Сарандағы 106 мың шаршы метр аумақта жүргізілуде. Өнім Қазақстан Республикасының аумағында да, экспорттық нарықтарға да жеткізілетін болады.

Зауытта шикізатты, резеңке қоспаларды дайындаудан, "жасыл" шинаны дайындап, жинаудан бастап вулканизация мен сапаны бақылауға дейінгі барлық технологиялық процестер бірыңғай дәйекті схемада жүзеге асырылды. Өндірістегі бірегей технологиялар мен жабдықтар автоматтандырудың жоғары деңгейі, энергия тиімділігімен және қоршаған ортаға минималды әсерімен ерекшеленеді. ҚХР, Германия, Италия, Португалия және Жапониядан әлемдік салалық өндірушілерден 800-ге жуық жабдық орнатылды. Бұл Орталық Азиядағы үздік өндірістердің бірі.


Фото: zakon.kz

Ұлан Әбішев ұтыс ойыны туралы ойымен бөлісті.

"Мен әрқашан өз жазылушыларыммен ең жақсы өнімдер мен қызметтерді бөлісуге тырысамын және бұл ұтыс ойынында да солай жасадым.  Attar шиналары Жоғары сапасымен танымал. Менің жазылушыларым енді осы шиналарды бағалап,олардың жоғары сапасына көз жеткізе алатынына өте қуаныштымын", - дейді блогер.


Зауыт өнімдері Attar брендімен шығарылады. Осы уақытқа дейін өндірілген шиналар Чехия мен Германияда сынақтан өтіп, барлық қажетті сертификаттарға ие болды.

"Автокөлік шиналары тек аксессуар ғана емес, сонымен қатар жол қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі. Attar шиналары көптеген сынақтардан өтті және барлық ауа-райында сенімділігін дәлелдеді. Бұл ұтыс ойыны көптеген адамдарға Attar өнімдерімен танысуға және тамаша шиналарды тегін алуға мүмкіндік берді. Өз оқырмандарымды осындай бағалы сыйлықпен қуанта алғаныма дән ризамын", — деп айтты Алмас Алтай.



Фото: zakon.kz
Ұтыс ойынының жеңімпаздары да эмоцияларымен бөлісті.

"Мен Ұланның блогын көптен бері қадағалап келемін және оның кәсібилігі мен мазмұнының сапасына әрқашан таңданамын. Ұтыс ойыны туралы білгенде, бірден қатысуға шешім қабылдадым, бірақ тіпті жеңіске үміттенбедім. Бұл нағыз тосын сый болды! Attar шиналары менің көлігім үшін тамаша шина болады", — деді Дильназ есімді жеңімпаз.


Айта кетейік, 185/65 R15, Attar 195/65 R15 және 205/55 R16 шиналарын дилерлік орталықтардан келесі мекен-жайлар бойынша сатып алуға болады:

Астана: Тұран даңғылы, 53А
Алматы: Сүйінбай көшесі, 159 а