04 қар, 2021 сағат 14:42

Елордада өтуі тиіс, бюджеті 80 млн теңгені құрайтын бокс кеші сынға алынды


Елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында мемлекет қазынасы есебінен өтетін бокс кешіне қатысты сын айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада өтетін 50 млн теңгенің бокс кеші туралы. Кәсіби бокс кеші өтеді екен. Кіру де ақылы шығар. Сұрайын дегенім оған неге бюджеттен ақша бөлінуі тиіс?», - деді қоғамдық кеңес мүшесі Нұрдәулет Оразханов. 

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Оразалина бокс кешіне қатысты түсінік берді. 

«Бокс кеші бойынша алдын ала 120 млн теңгеге өтініш берілген. Қазіргі уақытта ол бюджет 80 млн теңгеге дейін қысқартылды. Елордада спорттық іс-шаралардың жетіспеушілігі байқалады. Аталған бокс кеші спортқа деген қызығушылықты арттыра түсу мақсатында өткелі отыр. Сонымен қатар аталған спорт түрін балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау міндеті де бар. Сондықтан осындай үлкен спорттық шара үшін бөлінетін сома көп деп айта алмаймыз», - деп жауап берді Гүлназ Оразалина.