Фото: РБК
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн форматқа көшті, деп хабарлайды Ult.kz.
Таңғы ауысымда оқитын оқушылар үйлеріне қайтарылды.
Елордада түннен бері қар тоқтаусыз жауып жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде, қала аумағынан 18 мың текше метр қар шығарылды.
«Қазгидромет» мәліметінше, апта соңына дейін аяз күшейіп, қар мен боран сақталады. Түнде ауа температурасы –34, күндіз –22 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
