Сәуірдің 7-сінен 8-не қараған түні тестілік режимде "Теміржол вокзалы " Халықаралық әуежай" арасында №200 түнгі бағдар енгізіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар "Теміржол вокзалы - Біржан сал көшесі - Жеңіс даңғылы - Кенесары көшесі - Республика даңғылы - Қабанбай батыр даңғылы - Сарайшық көшесі - Тұран даңғылы - Достық көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - "Пригородный" т/а - Халықаралық әуежай- арқылы жүреді.
Жол жүру ақысы 150 теңгені құрайды. Қозғалыс аралығы: 30 - 60 минут. Жұмыс уақыты: 23:00 ден 06:00 дейін.