Фото: ULT.KZ
Қарағанды облысының Саран қаласында қуаттылығы жылына 3,5 млн шина шығаратын зауыт жұмыс істеп жатыр. Бұл зауыт еліміздегі алғашқы және жалғыз шина өндіруші зауыт. Жеңіл және жүк көліктеріне арналған шиналар "Attar" брендімен шығарылады.
2021 жылдың 5 сәуірінде құрылысы басталған мекеме 2024 жылы іске қосылып, жуық арада алғашқы 1 миллионыншы шинасын шығармақ.
Фото: ULT.KZ
Шина зауытының директоры Бурганов Радий Фаридұлының айтуынша "Attar" шиналарын Қазақстан азаматтары тұтынатын болады және Еуропа мен Орта Азия елдеріне экспортталады.
Суретте Радий Бурганов. ULT.KZ
"Біздің шиналар нарықтық бағада сатылатын болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жалғыз шина зауыты - біз. Бірақ басқа елдерде мұндай зауыттар көп. Біз сапасы жоғары шиналар шығару арқылы нарыққа орнығамыз деп ойлаймыз. Біз ең бірінші сапаға мән береміз", - дейді Радий Фаридұлы.
Фото: сапасы тексеріліп жатқан шина. ULT.KZ
Аумағы 76,8 га жерді алып жатқан зауытқа 228,8 млрд теңге ($520,2 млн) инвестиция тартылған екен, оның 140 млрд теңгесі (58%) тікелей шетелдік инвестиция көрінеді.
"Өндіріс кезеңнің барысында шикізатты дайындау, қоспаларды әзірлеу, "жасыл" шинаны жинаудан бастап вулканизацияға дейінгі сапаны бақылап, барлық технологиялық процестерді бірыңғай реттік жүйеде жүзеге асыратын толық циклды қамтиды. Зауытта 800-ге жуық жабдық орнатылған. Яғни шиналарды өндіру процессі толықтай өзімізде жүзеге асады", -деп отыр зауыт директоры.
Кәсіпорын белсенді дамып келеді және өз қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға тырысуда. Қазіргі уақытта зауытта 530-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың санын 1 125 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр екен.
"Біздің қызметкерлер негізінен осы Қарағанды облысы мен Саран қаласының тұрғындары. Сондықтан оларды жұмыс орнына дейін тегін тасымалдаймыз, Асханамызда тамақтануға 62% жеңілдік жасалған. Мысалы олардың түскі астары жеңілдігімен шамамен 500 теңге шығады. Биыл сәуір айынан бастап жалақыны 12%-ға индекстеу жүргізілді. Сонымен бірге, Саран әкімдігімен бірлесіп қызметкерлер үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы дайындалуда", -дейді Радий Бурганов.
Кәсіпорында орташа жалақы 366 мың теңгеден асады екен. Зауыт директорының сөзінше кәсіпорында құрылғылар автоматтандырылған, компьютьермен басқарылады.
Фото: ULT.KZ
Зауыт тарапынан патронаж мектебі мен Ұлы Отан соғысының балаларын қолдауға арналған бағдарламаларын іске асыруда. Сондай-ақ, Саран колледжінің студенттері үшін тағылымдамалар ұйымдастырылды. Бұл жас мамандарға тәжірибе алуға және компанияда мансап бастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметкерлер үшін әртүрлі корпоративтік іс-шаралар, соның ішінде спорттық турнирлер мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Дәстүр бойынша қызметкерлердің балаларына жаңа жылға сыйлықтар беру, қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлау қалыптасқан.
Суретте Евгений Данилюк. ULT.KZ
Протекторлы агрегат машинисті Евгений Данилюк зауыт құрылғалы жұмыс істеп келеді екен. Оның сөзінше мекеме қызметкерлерге барлық жағдай жасаған.
"Біз тәжірибеден өтіп, біліктілігімізді арттырып тұрамыз. Өзім 2000-шы жылдары авто-дәнекерлеуші мамандығы бойынша Орта-Кәсіптік білім алғанмын. Бірақ мансапта өсу үшін Жоғарғы Оқу Орнына түсуді ойлап жүрмін. Зауытта жағдайымыз жасалған, жалақымыз көңілімізден шығады. Тіпті асханамыз алыс деген шағымымызға жеткізу қызметін ұйымдастырып берді. Әдемі шкафым, жұмсақ креслом бар. Одан артық не керек?" -деп жымиды Евгений Данилюк.
Фото: ULT.KZ
Жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде Татнефть тобының (Нижнекамск және Всеволожск қалаларындағы шина зауыттары) шина өндірістерінде біліктілікті арттыра отырып, өндірістегі қызметкерлерге берілген білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді. Қызметкерлердің алатын біліктілігі мен мамандығына байланысты оқу және тағылымдама ұзақтығы 6 айдан 18 айға дейін созылды. Кәсіпорын қызметкерлерге кәсіби тұрғыда жетілуіне және өркендеуіне көмектесетін әртүрлі оқыту және дамыту бағдарламаларын ұсынады.
Фото: ULT.KZ