19 нау, 2024 сағат 16:47

Еліміздегі бірнеше қала ауылға айналуы мүмкін


Баспасөз мәслихатында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтен журналистер елімізде ауылға айналуы мүмкін қанша қала барын сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство басшысының сөзінше, бұл мәселеде бірінші халықтың пікірі есептеледі.

"Қала мәртебесі бар 13 елді мекен бар. Бірақ халық саны 10 мыңнан төмен. Мысалы, Шар, Қазалы қалалары бар. Сол қалаларды да дәл осылай жергілікті әкімдік мәслихаттар халықпен бірге отырып шешімдерді қабылдау керек. Яғни, 10 мыңға жетпейтін тұрғыны бар қалалар ауылға айналуы мүмкін", – деді Бауыржан Омарбеков.


Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда кейінгі 10 жылда 582 ауыл жойылғанын айтқан болатын.