20 там, 2025 сағат 18:04

Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75 жастан асты

Фото: bilimdiler.kz

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті.

Атап айтқанда: 

  • - Ана өлімі – 12%-ға, сәби өлімі – 11%-ға төмендеді;
  • - Балаларға туғаннан бастап 4 скрининг жасалады;
  • - 50 жастан асқан ерлерге инсульт қаупін анықтайтын тексерулер басталды;
  • - «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 538 нысан салынды;
  • - Қазақстан әлемде күрделі үшжақты трансплантация жасай алатын 6 елдің қатарына енді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 77 жасқа жеткізу жоспарда бар.