15 нау, 2024 сағат 13:04

Елімізде енді балалар мен жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатылмайды


Елімізде енді балалар мен жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатылмайды. Сенаттың жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 21 жасқа толмағандарға зиянды өнімді сатпау туралы шектеу енгізілетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" КТК арнасына сілтеме жасап. 

Мамандар құрамында таурин, мелатонин , карнитин сияқты 10-15 түрлі қоспасы бар өнімді тұтыну жүрек-қан тамыры, қант диабеті, бүйрек, жүйке тамырлары ауруына алып келетінін жеткізді.

Депутаттар ұсынылған түзетулер бизнесті белгілі бір дәрежеде шектегенімен, сусынның зияны елге тиіп жатқанын жеткізді. Сол себептен энергетикалық сусын өндіретіндерге салық та көтерілуі мүмкін.

"Бұл мәселе бойынша жұмыс басталды. 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салу бойынша АРВ дайындалған. Ол үкіметаралық комиссияда мақұлданған. Қазір ішкі істер министрлігімен келісіледі. Басқа нормалар бойынша вендор аппараттарды сату немесе жарнаманы тыюда АРВ мәселесі бойынша жұмыс істелініп жатыр", – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.