27 шіл, 2018 сағат 10:13

Елімізде е-коммерция қарқынды даму үстінде

Қазақстанда электронды сауданы дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Мәселен, қаңтар айының басында онлайн-сауда өкілдері табыс салығынан түбегейлі босатылған болатын. Осындай қадамдар е-коммерциясы дамыған көшбасшы мемлекеттерде кеңінен қолданылып жатыр. Astana Hub технопаркінде  болған кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев еліміздегі е-коммерцияның жағдайы туралы  айтып берді.

Оның айтуынша, Біздің халық отандық тауарлар мен қызметтерді тұтыну әлқайда тиімді екенін түсіну қажет. Мәселен, Қытай мен Германиядан зат алғысы келсе оған кем дегенде 2 апта уақыт кетеді. Ал, Алматыдан немесе өзге де қалаларымыздан алатын болса небәрі 3-5 күн кетеді.

Сонымен қатар, вице-министр отандық онлайн-дүкендер шетелдік сауда алаңдарымен салыстырғанда тауар түрлерінің аздығы мен бағасының қымбаттылығын атап өтті. Оның сөзінше, халық тауарды екі есе арзан алу үшін қосымша бір апта күтуге дайын екен. Алайда, сауда алаңдарында кең көлемде таңдау ұсынылып, кеңейіп жатыр. Осылайша, е-коммерцияның 3 негізгі құрауышын көрсетуге болады: жеткудегі жылдамдық,салық жүйесі, ассортименттің кеңдігі.

Қазіргі кезде елімізде электрондық коммерция нарығында қызмет көрсету саласы алдыңғы қатарда орналасқан. Оның негізгі ойыншылары қатарында Air Astana компаниясы да бар.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы электронды сауданың дамуы мен халықтың оған бейімделу деңгейін де айтты.

«Электронды коммерция еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Оның даму қарқыны Қазақстанда 100 пайызды көрсетіп отыр. Ал, бұл көрсеткіш әлемде 50-60 пайызды құрап отыр. Осыдан көретініміз біздің азаматтарымыз онлайн-сауданы тез меңгеріп, жылдам бейімделуде», - деп атап өтті вице-министр. 

Вице-министрдің сөзінше, республикалық маңызы бар қалалардағы тұрғындардың талаптары жоғары. Олардың цифрлық технологияларға бейімделу процесі тез жүреді.

«Ірі қалалар қатарындағы Астана, Алматы, Шымкент тұрғындарды талапшыл деуге болады. Сонымен қатар, олардың жаңа технологияларға бейімделу деңгейі өте жоғары. Тіпті, егде жастағы адамдар мен ауыл тұрғындары да жылдам меңгеру үстінде», - деді Н. Мұқышев.  

Кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі елімізде цифрландыру аясында жасалып жатқан істерге тоқталып өтті. Яғни, электронды еңбек биржасы мен келісімдерді сақтайтын бірыңғай сақтау жүйесін құралғандығы туралы баса айтты. Сонымен қтар, проактивті қызметтердің қоғам өміріне белсенді түрде енгізіліп жатқанын да тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап баланың тууын проактивті қызмет бойынша тіркеудің пилотты жобасы іске қосылды. Бұл мобильді байланыс хабарламасына (СМС) жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін, оны балабақшаға кезекке қоюды және жәрдемақы тағайындауды үйден шықпай ақ алуға болатын мүмкіндік.  Бұл қызмет мобильді азамат қорында тіркелген, жаңадан босанған аналарға көрсетіледі. Қызметті 1414 қысқа номерге келген мобильді байланыс хабарламасына жауап беру арқылы алуға болады. Бірінші хабарлама бала туған мерзімнен бір тәулік ішінде түседі. (Перезентханада медициналық анықтама бойынша Тұрғындарға бекітілген тіркелімге ақпарат енгізілген соң түседі). 3 күн мерзімде жауап күтіледі. Егер, көрсетілген мерзімде жауап берілмесе, онда қызмет алушы ХҚКО-ы арқылы немесе egov сайты арқылы қызмет алуға жүгіну қажет.