Фото: Pexels.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) бір АҚШ валютасының құны 519,12 теңге, деп хабарлайды Ult.kz.
АҚШ валютасы соңғы үш күнде 12 теңгеге өскен. Ал кейбір ақша айырбастау бекеттерінде 525 теңгеден сатылып жатыр.
Сарапшылар доллардың күрт көтерілуіне АҚШ президентінің импорттық тауарларға баж салығын енгізуі себеп болып отыр.
Сондай-ақ мұнай бағасының 63 долларға дейін төмендеп кетуі де нарыққа әсер етіп отыр.
