25 мау, 2021 сағат 13:06

Елеусінов кәсіби бокстағы мансабы туралы айтты


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) «Шрёдингер спорты» Youtube арнасына берген сұхбатында кәсіби мансабын қашан аяқтайтыны туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

- «Пакьяо жекпе-жегін 42 жастан бастап өткізіп келеді. Сіз спорттық мансабыңызды қашанға дейін жалғастырмақсыз?»

- Бұл бір Аллаға аяң, өзіме, оның маған берген күшіме байланысты. Оған қоса, менің қандай жекпе-жек өткізуім де маңызды. Негізінен, боксшы жасының ұлғайғанына байланысты емес, ауыр жұдырықтасулардан қартаяды. Егер бәрі жақсы өтсе, егер сен чемпион болсаң, уақытылы кете білуің де керек. Бұл – қауіпті спорт түрі. Әрбір адамның отбасы бар, отбасы мүшелерімнің кейбіреулері менің үлкен спорттан кетуімді сұрап жатыр, мен ол туралы атқым келмеген... Бірақ боксқа келген соң, өз мақсатыма жетіп, чемпион атанғым келеді. Әуесқой бокстан бәрін алдым, енді алдыма басқа мақсат қойып, кәсіби спортқа өттім. Осы жерден көздегеніме жеткім келеді. Кәсіпқой спортқа келгенде, Олимпиада чемпионы болсам да, атым белгісіз болды. Ендігі көздегенім, өзімнің үздіктердің бірі екенін дәлелдеп, барлық титулдарды жеңіп алу.

Еске салсақ, Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмендеді. Және оның келесі қарсыласы ресейлік Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болады деп күтілуде. Алайда ресейлік команда өзге кандидатураларды да қарастыруда.