04 қаз, 2021 сағат 12:31

Елена Рыбакина WTA рейтингінде рекордты орнына қайта оралды


Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағы аустралиялық Эшли Бартиде қалды, екінші орында — Беларусь спортшысы Арина Соболенко, Чехия спортшысы Каролина Плишков үздік үштікті түйіндеді. 

Қазақстанның ең мықты өкілдері Елена Рыбакина жеке рекордын қайталап, 16-шы орынға оралды. 

Юлия Путинцева төрт орынға көтеріліп, 43-ші болды. Зарина Дияс 108-ші орында.

Жұптық разрядтағы үздік үштік: чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова, сондай-ақ бельгиялық Элизе Мертенс.

Анна Данилина 92-орыннан 94-орынға түсіп, Рыбакина 97-орыннан 95-орынға көтерілді, Зарина Дияс — 181-ші (-2) орында.