31 нау, 2023 сағат 10:51

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің финалына шықты

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан Miami WTA 1000 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнап, 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. 

Айта кетейік, кездесу жаңбырға байланысты екі рет тоқтатылды.

Елена финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен жолығады.