Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина өзінің бапкері болған хорватиялық маман Стефано Вуковпен неліктен байланысын үзгені туралы айтты.
АҚШ ашық чемпионатында аустралиялық Дестани Айаваны жеңгеннен кейін баспасөз мәслихатында қазақстандық теннисші журналистер сұрағына жауап берді.
«Әрине, қазір бәрі басқаша. Біз онымен (Стефано Вуковпен) бірге 5 жыл жұмыс істедік. Бұл жолы мені Юрий Щукин қолдады. Біз тактика, бәрін талқылап, матчқа дайын болдық. US Open алдындағы маңызды шешім дейсіз бе? Мен бұл туралы көп айтқым келмейді. Қош айтысу туралы бұл – біздің шешіміміз. Менің бапкеріме байланысты жағдай өзгеретін болса, хабар беремін», - деді Рыбакина.
Еленаны қазіргі кезде уақытша қазақстандық маман Юрий Щукин жаттықтыруда. Ол Д.Айавамен ойын кезінде мінбеде отырды.
Рыбакина екінші айналымда әлемнің 143-ракеткасы, 27 жастағы франциялық Джессика Поншемен кездеседі.
Биылғы АҚШ чемпионаты теннис тарихындағы жүлде қоры ең қомақты жарыс болмақ. Ойыншылар 75 млн АҚШ доллары көлемінде табыс табады, бұл өткен жылғыдан 15 пайызға көп.
2023 жылы мұнда әйелдер арасында америкалық Кори Гауфф үздік шыққан еді.