Фото: gov.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарасақ Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақының азайғаны байқалады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 382 279 теңгені құраған. Айта кетейік, 2023 жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 393 605 теңге болған еді.
"Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады", - делінген Ұлттық статистика бюросы көрсеткен түсініктемеде.
Аталған ведомствоның дерегінше Қазақстандағы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің жалпы саны 3 975 641 адам, барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар.