20 нау, 2019 сағат 13:13

"Ел азаматтарының негізгі міндеті – Елбасының мұрасы мен жетістіктерін сақтап қалу"

Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің конституциялық құзыретін алдын-ала тоқтататуына байланысты Үндеу жасады. Ұлт порталы Үндеудің толық мәтінін оқырман назарына ұсынады.

Қымбатты отандастар!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылғы 20 наурыздан бастап өзінің конституциялық құзыретін алдын-ала тоқтататыны туралы мәлімдеді.

Бұл – тәуелсіз Қазақстанды құру сияқты тарихи миссияны адал және табысты орындап шыққан  дана мемлекет қайраткерінің, батыл азамат және патриоттың көреген һәм дұрыс қабылдаған қадамы.

КСРО ыдыраған сәтте оның басқаруымен еліміз бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз мемлекеттілігін нығайтты.

Елбасының ұстамды саясатының арқасында еліміз аласапыран кезеңнің қиын-қыстау сәттерін ұрыс-керіссіз, азаматтық, этносаралық және конфессияаралық кикілжіңсіз, әлеуметтік күйзеліссіз өтті.

«Алдымен – экономика, содан кейін – саясат», сонымен қатар ел бірлігі принциптерін негізгі бағыт ретінде ұстанып, Нұрсұлтан Назарбаев  нарықтық экономиканы қалыптастыру, тұрақты әлеуметтік өсу мәселелерін шешіп, Қазақстанды дамудың жаңа сапалы траекториясына шығарды.

Бүгін еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енді. «Қазақстан - 2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, Қазақстан Елбасының басқаруымен еліміздің XXI-ші ғасырда дамуының іргелі негізін жасады.

Тұңғыш Президенттің ең маңызды және табысты жобасы ретінде елорданы Астана қаласына ауыстыруы екенін баршамыз білеміз. Жаңа елорда, Ту, Әнұран, Елтаңба және халықаралық деңгейде қабылданған шекара тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жеңістерінің ұтымды бет-бейнесіне айналды.

Біздің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың  табысы   Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталған қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық үлгісіне негізделген.

Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы іске асқан бұл модель, азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарастан тең құқылы болуының тиімді механизіміне айналды.

Елбасының саяси кемеңгерлігі, әлемнің басқа мемлекеттерінің ешқайсысында жоқ, бейбітшілік пен келісімнің  ерекше институтын құрды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылары Кофи Аннан мен Пан Ги Мун біздің Ассамблея туралы «БҰҰ-ң кіші үлгісі» деп баға берген.

Бүгін Ассамблея Қазақстанның 18 миллион халқын біріктіріп отыр.

Тұңғыш Президент жетістіктерінің мәні мен мағыналылығы, оның беттеген экономикалық және саяси бағытының міндетті түрде жалғасын табатынын дәлелдейді.

Елбасы  Қазақстанның табысты дамуы мен  әлемнің көшбасшы отыз елінің қатарына енуінің негізін қалап берді: Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік бағытының  толығымен жаңаруы тиімді іске асырылуда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүргізілуде, еліміздің  әлеуметтік бақуаттылығы моделінің нақты көрінісі белгіленді.

Елбасының бұл шешімі ел азаматтарының көпшілігі тарапынан өкініш тудырып отыр. Оның нық саяси жігері адамдардың болашаққа, ертеңгі күнге деген сенімін арттырып тұратын.

Ең қиын сәттерде, халық, дағдарыстан да даму мүмкіндігін іздеуді принципке айналдырған, ең дұрыс және тиімді шешім табатын Тұңғыш Президенттің даналығы мен тәжірибесіне сенетін.

Бірақ, Елбасы өз қадамының қажеттілігін жаңа тарихи кезеңде Қазақстанның  экономикасы мен әлеуметтік саласын дамудың жаңа деңгейіне шығару мақсатымен негіздеді.

Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаев саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы реформалардың бірізділігі мен сабақтастығының кепілі болып қала береді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, барлық ел азаматтарының негізгі міндеті – Елбасының мұрасы мен жетістіктерін сақтап қалу және арттыру.

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қазақтар мен орыстар, өбектер мен поляктар, татарлар мен немістер, ұйғырлар мен вайнахтар, күрдтер мен украиндықтар, корейлер мен тәжіктер, армяндар мен әзірбайжандар, түріктер, дүнгендер және басқа этностар, қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңестерінің, ғылыми-сарапшылық кеңестерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, ел азаматтарына түзу бағытты ұстануды –  уақыттың тексеруінен өткен  бірлігіміз бен келісімімізді сақтау және нығайту сияқты бағыттан таймауға шақырамыз.

Біз шын жүректен –  «бейбіт өмір үшін, отан үшін, ерлік пен  ірілік сабақтары үшін, үйіміздегі ән мен нан үшін, рахмет, Сізге, біздің қымбатты Елбасы»  - дейміз.

Елбасының «Халқымыздың достығы мен бірлігін, еліміздің әр азаматының мәдениеті мен салтына деген сыйластық пен бір-бірімізге деген сенімімізді  сақтаңдар.  Осылай  болғанда  ғана біз мықтымыз,  сонда ғана барлық қиыншылықты жеңе аламыз. Сонда ғана дамимыз, гүлденеміз!» - деген сөздерін алғышарт ретінде қабылдауға үндейміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз туындысы – еліміздегі келісім мен тыныштықтың негізі, Қазақстан халқы Ассамблеясын бұдан әрі де басқара береді деген сенімдеміз.

Елбасының бағытына адалдығымыз - Тұңғыш Президент, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметіне деген ең үлкен алғысымыз екеніне біз сенімдіміз.