ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысы аяқталмаған нысандарының бірі, Астана (Көрнекі сурет).
Астанада бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арнап салынып жатқан екі ғимараттың арасындағы көпір құрылысы құлады деп хабарлады Tengrinews.kz агенттігі. Төтенше оқиға түс кезінде болған. Агенттік мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куяновтың агенттікке айтуына қарағанда, көрменің екі павильоны арасындағы декоративтік көпір құрылысы құлаған. Құрылысты BI Group компаниясы жүргізіп жатыр. Куянов құрылыс әлі бақылдап алынбағандықтан оны мердігер өз есебінен қалпына келтіруі тиіс.
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан және Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінен бұл оиғаға қатысты ақпарат алу әзірге мүмкін болмай тұр.