10 мау, 2024 сағат 19:34

Экс-министр Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшылығына келді


"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ал компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Telegram-дағы арнасында хабарланды.

Бағдат Мусин 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарды.

Биыл 30 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты. Кейінірек Мусин әлеуметтік желіде отставкаға кеткенін хабарлады. 

Бұған дейін Тоқаев "Қазақтелекомның" басшысы Қуанышбек Есекеевті президент кеңесшісі лауазымына тағайындаған болатын.