Әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Ғаламшар ресурстары сарқылуда, ал технологиялардың өте жылдам дамуының әсері ойда болмаған нәтижелер беруі мүмкін.
Биотехнологиялар адамзатты жаңа этикалық нормаларды әзірлеуге мәжбүрлейді, цифрлық экономика әдеттегі экономикалық қарым-қатынастарды өзгертеді, ал жасанды зерденің дамуы адам факторының қатысуымен болатын жұмыстардың қысқаруына және оның жасанды зердені ауыстыруына байланысты жұмыссыздық деңгейінің өсуіне ғана емес, сонымен бірге, мәселен, жасанды зерде алгоритмдерінің ерекшелігімен, оның ішінде математикалық үлгілерді әзірлеуде жіберілген қателіктермен байланысты тіптен күтпеген салдары болуы мүмкін.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы өткен астаналық экономикалық форумның ашылуында бүгінгі әлем дамуының басты 5 мега трендін атап өткен-ді. Нақтырақ айтсақ, олар:
* адамзаттың барлық аспектісінің сандық жүйеге көшуі,
* әлем халқының жылдам өсуі,
* урбанизация мәселесі,
* баламалы энергия көздерін пайдалану,
* сондай-ақ еңбек нарығының трансформациясы.
«Бұл – жаңа заман талабы, оған төтеп беріп, тұрақты даму жолына түсу үшін мемлекетаралық диалог маңызды», – деді Мемлекет басшысы.
Иә, ғалам толығымен кенттенуге ұмтылу үстінде. Яғни, әлем халқының көпшілігі қалаларға көшіп, тұрақтап қалғысы келеді. Өкініштісі, бірде-бір қала мұндай маңызды өзгерістерге дайын емес. Дамыған елдер әлемдік қауымдастықты дамытудың оңтайлы стратегиясы бойынша консенсусқа қол жеткізе алмады. Ал дамушы елдерге, ең алдымен, ілгерілеу үшін ресурстар жетіспейді. Олардың арасындағы айырмашылық жылдам өсуде.
"Global Challenges Summit" алдына негізгі планеталық сын-тегеуріндер мәселелерін қояды: ресурстық тұрақтылық және ұзақ өмір сүруден бастап жаһандық қауіпсіздік пен болашақ мегаполистерге дейін. Конгресс қатысушылары, әлемдік сарапшылар қауымдастығы, технологиялық элита, қала және мемлекеттік басқару өкілдері, визионерлер мен ірі корпорациялардың басшыларының міндеті — аталған сын-тегеуріндерге жауап табу және жаһандық ауқымдағы тиісті шешімдерді әзірлеу.
21 ғасырдың басында әлемдік экономикадағы өзгерістер нәтижесінде елдер арасындағы саралану төмендеді, алайда елдер ішінде кедейлер мен байлар арасындағы алшақтық уақыт өткен сайынарта түскенін байқауға болады: экономиканың даму қарқынының баяулауы кезінде бай адамдарөздерінің әл-ауқатын кедейлерге қарағанда жылдамырақ жақсартады.
Теңсіздікпен күрес экономикалық өсімді бәсеңдете ме? Экономистер таңдау мәселесі — болашақ экономикалық өсім немесе өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу мәселесіне жауап табуға тырысуда. Қоғамның қалыпты дамуы үшін теңсіздіктің қандай деңгейі жарамды? Болашақта өсім бола ма? Балама бар ма? Біз бүгінгі күні әл-ауқаттың әлеуетті өсуіне үміттеніп теңдіктен бастартамыз ба, әлде бүгінгі теңсіздікпен күресіп, болашақта өсуді кейінге қалдырамыз ба?
Заманауи әлемде жаһандық жылыну, ресурстарды кәдеге жарату, халықаралық сауда, қауіпсіздікжәне мемлекетаралық басқару секілді әлемдік, ұлтаралық деңгейде ғана шешімі табылуы тиісті жаһандық мәселелер бар.
Жер халқының саны күннен күнге артуда және 10 млрд-қа жету көзделген. Халықтың өмірлікбелсенділігін қолдау үшін қажетті табиғи ресурстардың жетіспеушілігі әлемдік қауымдастықтыоларды тиімді пайдалану және қайта шығару туралы ойлануға мәжбүрлейді.
20 ғасырдың 70 жылдары дамыған елдер күн мен жел технологиясына негізделген баламалы энергияны қолдана бастады. Таза энергияның тиімділігі дамыған елдердің үлесі есебінен тез өсіпкеледі, алайда экономикасы жаңартылмайтын табиғи ресурстарды өндіруге негізделген дамушыелдердің кірістерін төмендетеді.
Әлемде жасы 65-тен асқан үлкен адамдардың саны қарқынды өсуде және 2030 жылға екі есеге артады. Жасанды зерде мен медицинадағы заманауи технологияларды енгізу дамыған елдердегі адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады және 120 жылға дейін сапалы өмір сүру ықтималдығын арттырады. Бұл жаһандық экономика мен жекелеген елдердің экономикасы үшін маңызды сын-тегеурін саналады, ол экономикалық белсенді халықтың үлесін қысқарту жағдайында медициналық жүйені ауқымды реформалауды талап етеді.
Технологиялық революцияның әр қадамының кері жағы бар: мобильдік құрылғылар қала бойыншақозғалыс туралы мәліметтерді жинайды, қауіпсіздік мониторингі жүйесі беттерді сканерлейді. Цифрлық шынайылықта өмір сүру құпиялықты жоғалтуға әкеледі — бірақ біздің деректеріміз бізгеқарсы қолданылмайтынына кепілдік қайда?
Мәңгілік құндылықтар реформаларды талап етеді: болашақ әлемін технологиялар толтырады жәнеадам мен машинаның арасындағы шекара бұзылады. Виртуалды әлемдегі өмір және жасандызердені кеңінен пайдалану сұрақтарға жаңа жауаптарды талап етеді: адамды не қалыптастырады және қандай этикалық нормалар оның өмірін бағыттауы тиіс. Қоршаған орта, білім беру және мәдениет — адамзат дамуының маңызды факторлары. 20 ғасырда дамыған елдерде білім беру секторында серпін болды — ол қоғамдық және міндетті болды, ал әлеуметтік құқықтар бірінші кезекке шықты: толеранттылық, әйелдер құқықтары, сегрегацияның болмауы 20 ғасыр адамының бейнесін қалыптастырды.
Қалалар өсуде және өсуін жалғастырады: алдағы 20 жылда 2 миллиард адам қалаларға көшеді — бүгінгі таңда мемлекеттер ғаламдық өзгерістерге дайын болуы қажет. Қазіргі таңда мұндай жылдам өсім мен кеңеюге лайықталған ешқандай заманауи қала жоқ: көлік жүйесі жүктемелерді шеше алмайды, инфрақұрылым объектілері жеткілікті мөлшерде ұсынылмаған, шеткі аудандар дамып келеді.
Ғалымдар сингулярлық сәттің 2030-шы жылдары келуін күткен, бірақ технологиялардың қарқынды дамуы барлық болжамдардан асып түсті. Жасанды зерде адамдардан басым түсуге талпынып, өзін-өзі дамытуы және дамуы мүмкін. Адамға деген сұраныс экономиканың барлық салаларында төмендейді.