Фото: aikyn.kz Алмасадам Сәтқалиев
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент екінші АЭС-тың орнын анықтауды тапсырды. Елде екінші АЭС салынатыны да белгілі болды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші атом электр станциясы бойынша референдум өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Энергетика министрінің айтуынша, екінші атом электр станциясын салу үшін жалпыхалықтық референдум өткізудің қажеті жоқ.
"Референдум өткізудің қажеттілігі жоқ. Заңнамаға сәйкес, аталған станция үкіметтің шешімі бойынша салынатын болады", - деді Сәтқалиев.
Одан бөлек, министр Балқаш жақынында салынатын АЭС-ты салу шараларына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде барлық вендормен келіссөздер жүргізілді. Енді арнайы комиссия өз жұмысына кіріседі. Мамандар АЭС салатын компанияларды анықтайды.
"Қазір талқыланып жатқан елдердің бәрі консорциумға енуі мүмкін", - деп атап көрсетті Сәтқалиев.